Атырау, 19 сәуір 07:25
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​NCOC-ге жаңа басқарушы директор келеді

2 881 просмотра

Солтүстік-Каспий жобасы консорциумы баспасөз қызметінің хабарлауынша, NCOC акционерлерінің бірауыздан шешіміне сәйкес 2017 жылдан бері Shell Kazakhstan компаниясын басқарған Оливье ЛАЗАР 2021 жылдың 1 маусымынан бастап  осы лауазымға ие болады.

Лазар – ядролық физика ғылымдарының докторы және Royal Dutch Shell-де 35 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар Франция азаматы. Бұған дейін Ұлыбритания, Нидерланды, Габон, Бруней, Оман, Австралия, АҚШ және Ресейде әртүрлі жоғары басшылық қызметтерде болған. Үйленген, екі баласы бар, орыс тілін меңгерген. Оған дейін компанияны басқарған Ричард Хоув Хьюстонға және Shell концерні кеңсесіне жұмысқа кетеді. Естеріңізге сала кетейік, Хоув NCOC басқарушы директоры лауазымын 2019 жылдың ақпанынан бастап атқарып келеді.

Дайындаған  Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

19 ақпан 2021, 00:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.