Алматыда қыздар боксы бойынша жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Атыраудан 11 спортшы қатысты, оның 7-уі өз салмақ дәрежесінде жүлделі орындарға ие болды.
Олар Ақнар Ищанова, Малика Есенова, Жасмин Тілепқалиева, Арайлым Нұрқуатова, Ақмейір Жәнібекова, Арайлым Есенғалиева және Нұрай Жұмабаева.
* * * * *
Ақтөбеде бокстан 2005-06 жылғы жасөспімдер арасында ел чемпионаты өтті. Бұл жерде атыраулық спортшылар алтын және қола алқа жеңіп алды.
80 келіге дейінгі салмақта Нұрасыл Бауыржан барлық қарсыласын жеңіп, чемпион атанды. Екінші боксшымыз Батыр Арпенов дәл осы салмақта өнер көрсетіп, жартылай финалда Нұрасылға есе жіберіп, қола алқаны місе тұтты.
* * * * *
Шымкентте парадзюдо бойынша Қазақстан кубогы өтті. Атырау құрамасы 4 алтын, 2 күміс және 1 қола алқа жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.
Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан, Ғалымжан Смағұлұлы және Аманжол Жанбота алтын, Ерлан Өтепов пен Зарина Байбатина күміс, Абылай Әділбеков қола алқа алды.