Атырау, 13 қазан 01:26
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

АҚШ-тағы қарлы боран: Миллиондаған адам жарықсыз қалды

2 095 просмотра

АҚШ-тың оңтүстігіндегі қарлы боран салдарынан 21 адам мерт болды, миллиондаған адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. 

Қазақстанда жылына 2 мыңнан астам көлік өртенеді – ТЖМ Бәрінен Техас штаты қатты зардап шекті, ондағы энергожүйе тұтыну көлемінің бірден өскенін көтере алмайды. АҚШ-тың оңтүстік аймағы үшін ерекше болған ауа райы салдарынан Техас, Луизиана, Кентукки, Солтүстік Каролина және Миссури штаттарының біршама тұрғындары қаза тапты. 

АҚШ-тың оңтүстік өңірлеріндегі рекордтық суық температура әлі бірнеше күн жалғасады деген болжам бар. Қазір Америка аумағының 71%-дан астамын қар басып жатыр.


18 ақпан 2021, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.