Георгий Гахария Грузия премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Грузия жаңалықтарына сілтеме жасап.
«Мен қазіргі қызметімнен кету туралы шешім қабылдадым. Бұл қадам еліміздің саяси кеңістігіндегі поляризацияны төмендететініне сенемін және солай болғанын қалаймын. Себебі поляризация мен арамыздағы қарама-қайшылық еліміздің болашағы, экономикалық дамуы үшін және кез келген дағдарысты шешу кезінде қауіпті болатынына сенімдімін», деп мәлімдеді Гахария үкімет әкімшілігіндегі брифинг кезінде.