Атырау, 23 желтоқсан 10:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ауыл көшесінде екі баланы қағып кетті

3 182 рет қаралды

13 ақпан күні кешке Индер ауданы Көктоғай ауылында 39 жасар жүргізуші «Нива» автокөлігімен көшеде келе жатқан 15 жасар екі мектеп оқушысын қағып кетті. 

Екі бала Көктоғай дәрігерлік амбулаториясына жеткізіліп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Кейін  облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне аударылған. 

ЖКО байланысты ҚР ҚК 345 бабы 1 бөлігімен ("Жүргізушінің көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы") қылмыстық іс көтеріліп, тергеп-тексерілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 ақпан 2021, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.