Бейнежазбадан алынған кадр16 ақпанда түстен кейін 102-ге Атырау қаласының тұрғыны хабарласты. Оның айтуынша, белгісіз біреу Алмагүл ықшамауданындағы құрылыс алаңының 3-ші қабатында, бетонның үстінде билеп, есі ауысқан адамдай қатты айқайлап жүр.
Атырау облысының полиция департаментінің хабарлауынша, дереу оқиға орнына полиция жасағы шығып, азаматты қауіпсіз жерге алып шыққан. Ол Мақат ауданының 39 жастағы тұрғыны екен. Наркологиялық сараптама нәтижесінде алкогольдік мас болу белгілері анықталған жоқ. ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.