БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Францияның Малиге әскер кіргізуін қолдап отыр. Бұл Нью-Йоркте өткен БҰҰ-ның Франция мен Мали арасындағы ахуалға қатысты отырысында белгілі болды.
Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Франция Малиде конституциялық тәртіп және территориялық тұтастықты қамтамасыз етуге жәрдем береді, деп сенеді. Сонымен қатар, солтүстік атлантикалық ұйымның өкілі Жерар Аро елдің тұтастығын сақтап қалу мақсатында әскер кіргізу қажет екенін жеткізді. Сондықтан, «Париж бұрынғы француз колониясы болған елге қол ұшын беруі тиіс» дейді ол.Айта кетейік, қаңтардың 7-сі күні көрші елдерден экстремистік топтар Малидің солтүстігі мен оңтүстік аймақтарына қоныс аудара бастаған. Таяуда француз әскері елге басып кірген бүлікшілерге қарсы әскери операция ұйымдастырды. Қазір Малиде төтенше жағдай жарияланды.
Дереккөз: 24.kz