Атырау, 13 қазан 17:16
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​«Өз боғымызға өзіміз бататын болдық!»

Сурет Бейнежазба
1 978 просмотра

Өткен жылы «Нұрлы Жер» мен «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы Береке ықшамауданынан пәтер алған №33 үйдің тұрғындары шу шығарды: пәтерлері кәріз суына былғанып отыр. Осыған байланысты қала әкімдігінен мамандар шақырылып, сол үйдің ауласында шағын жиын өтті.

№33 үйдегі пәтердің барлығы да 16 жылға екі мемлекеттік бағдарлама арқылы жеңілдетілген несиеге алынған. Бәрі жақсы еді, бірақ жаңадан салынған үйлердің кәріз жүйесінде ақау шыға бастады. 

Кәріз жүйесі дұрыс жұмыс жасамайды. Әжетхана мен жуынатын бөлмеден лас су шығып жатыр. Қандай иіс шығатынын айтпасақ-та түсінікті болар. Қала әкімдігіне де бірнеше рет шағымданып едік, онымен нәтиже жоқ. Ешкім келіп біздің жағдайымызды түсінгісі келмейді, - дейді №33 үйдің тұрғыны Әсел ЫСҚАҚОВА.

Гүлайым МӘМБЕТАЛИНА турасын айтты:

- Біз енді өз боғымызға өзіміз бататын болдық!

Үйдің жертөлесі мен бірінші қабаттағы кейбір пәтерлерді сасық су басып кеткен. Олар лас судың қайдан ағып жатқанын түсінбей дал. Жиналған тұрғындарға келген Атырау қаласы құрылыс бөлімінің маманы бұл мәселені бірінші рет естіп тұрғанын айтып, «шарасын алуға» уәде етті. Егер мәселе шешімін таппаса, тұрғындар әкімге өзіміз барамыз деп тарасты. 

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

15 қаңтар 2021, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.