Атырау, 13 қазан 23:22
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Үлескерлердің беделді компанияға сенім танытқаны бекер болды

Сурет
2 239 просмотра

Атырауда үлескерлер алдындағы міндеттемелерін орындамаған компанияға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы «AЖ»-ға полиция департаментінің тергеу басқармасының бастығы Нұрмұхамбет МҮТӘЛИЕВ хабарлады.

Компания үлескерлерден қаражат тартып (олар 2 млн-нан 20 млн теңгеге дейін жарна салды), орнына «Ақ Шағала» ықшамауданында өзеннің дәл жағасынан «Victory Park» тұрғын үй кешенін салуға уәде берді. Уәлиханов көшесіндегі келбетті кеңсе, қырғын қызметкер, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі белсенді жарнама... Алайда ештеңе болмады. Құрылыстың аяқталуы 2019 жылдың соңына жоспарланған болатын. Бірақ 2019 жылдың аяғында да, өткен 2020 жылы да үлескерлерге пәтер тимеді.

- Бастапқыда біз үш бөлмелі пәтер болмағандықтан, екі бөлмелі пәтер алуға келісім жасастық. Кейін компания өкілдері үлкен пәтерлердің босағанын айтып, мені қуантып, біз жаңа келісімшартқа отырдық. Содан соң жылжымайтын мүлікке қол жеткізе алмайтынымыз белгілі болғанда, бір чатқа біріктік. Сол жерде бір пәтердің екі адамға - маған және басқа сатып алушыға сатылғаны анықталды, - деп әңгімелейді бүкіл ақшасын жаңа үйге салған Мәди ҚАБДЕНОВ.

Бастапқыда фирманың жұмысы жақсы жүріп тұрған. Кешеннің алғашқы ғимараты салынып бітіп, тіпті, тұрғындар қоныстанған. Бірақ кейін оны жер телімін иелігіне алған басқа компанияның өкілдері қиратқан. Қазір құқық қорғау органдары осы істің мән-жайын тексеріп жатыр.

- Осы компанияға қатысты 11 арыз түсті. Тергеу әлі жүріп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды, - деді Н.Мүтәлиев.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 қаңтар 2021, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.