Атырау, 19 сәуір 08:57
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атыраулық оқушылар танымал мультфильм кейіпкерлерін қазақ тілінде сөйлетті

3 908 просмотра

Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушысы анимациялық фильмдерді қазақ тіліне аудару арқылы дыбыстауды қолға алды.

– Қашықтан оқытуға ауысқалы уақытымыз әлдеқайда көбейді. NIS Graphics клубының мүшелері арасындағы байланысты жоғалтпау үшін биыл бірнеше мультфильмді қазақ тіліне аударуды және оларды дыбыстауды қолға алдық, - дейді клубтың негізін қалаушы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Аружан Елдосова.

Жас дубляжшылардың тырнақ алды бастамаларының арасында «Менің кішкентай Пони», «Суық жүрек» және «Суперкрошка» атты мультфильмдері бар. Мектеп оқушылары анимациялық кейіпкерлердің әңгімесін ілеспе аударып, мазмұнды өнім дайындау үшін тәжірибе жинауда.

– Жалпы дубляждың сапасы талапқа сәйкес болуы белгілі дағдыларға байланысты. Мысалы, кейіпкерлердің мінезі мен эмоциясын жеткізу үшін толық рөлге ену керек. Болашақтағы жоспарымыз - дыбыстауды сапалы деңгейге жеткізу арқылы әлдеқайда ұзақметражды фильмдерді қазақ тіліне аудару, - деді әуесқой дыбыстаушылар.

Зияткерлік мектеп оқушыларының айтуынша, елімізге кейбір шетелдік медиа өнімдер кеш жеткізіледі. Ғаламторда қазақстандық көрермен үшін ана тілімізге аударуды қажет ететін материалдар әлі көп.

«Мақсатымыз - интернет кеңістігінде ана тіліміздегі медиа өнімдерді көбейту», - дейді клуб мүшелері.

30 желтоқсан 2020, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.