Атырау, 25 қараша 01:36
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Өзен арқылы жұмысқа барамын деп, жоғалып кетті

Сурет
4 584 просмотра

21 желтоқсан күні сағат 16-да Атырау облысы ТЖД-ға Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының 50 жастағы тұрғыны хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түсті.

Бір күн бұрын ол әдеттегідей көрші Шортанбай ауылына жұмысқа кетіп (екі ауылды бетіне мұз қатқан Қиғаш өзені бөліп жатыр), үйіне оралмаған.

Жоғалған ер адамның ағасы құтқарушыларға хабар бергеннен бастап аудандағы құтқарушылар, полиция және еріктілер (барлығы 65 адам) іздеу жұмыстарын жүргізуде. Әзірге нәтиже жоқ.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

24 желтоқсан 2020, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.