Атырау, 3 мамыр 07:00
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Оқушыларға берілген планшеттердің сапасы қандай?​

3 919 просмотра

Облыс әкімдігі қыркүйек айында мұқтаж оқушыларды қашықтан оқыту үшін қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге уәде берді. Алайда, ата-аналардың көбі бұл компьютерді әлі алған жоқ, ал таратылған Қытай планшеттерінің бір бөлігі сапасыз болып шықты.


КОМПЬЮТЕРГЕ 3 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының соңында шенеуніктер облыста 16 693 оқушы компьютерлік техникаға мұқтаж екенін айтып, қыркүйекте бұл мәселені шешеміз деп мәлімдеді.

23 қыркүйекте Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВА Исатай, Индер, Қызылқоға және Құрманғазы аудандарының оқушыларына бюджет есебінен сатып алынған компьютер мен планшеттерді салтанатты түрде табыс етті. Сол кезде шенеуніктер алдағы күндері балаларға тағы 22 463 компьютер беріледі деп айтты.

Алайда, қазір қазан айының жартысы өтсе де, мектеп оқушыларының қолына компьютер әлі тиген жоқ.

Біз мемлекеттік сатып алу порталын зерттедік – Атырау облысының білім беру басқармасы қыркүйек айында ноутбук, компьютер және планшеттер сатып алуға бірнеше тендер өткізді. Конкурс қорытындысы бойынша құны 161 500 теңге болатын 15888 ноутбук, 180 000 теңгеден 1925 компьютер және 67 200 теңгеден 2499 планшет сатып алынды. Сатып алынған компьютерлік техниканың жалпы сомасы шамамен 3 миллиард теңгеден астам.

Облыс әкімдігінің «АЖ»-ға берген мәліметі бойынша, мектеп оқушыларына арналған техниканы сатып алуға жергілікті бюджеттен 555 млн теңге, ал республикалық трансферт есебінен 2,9 млрд теңге бөлінді.

 

КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТІ ҚАЙДА?

Комьютерлерді сатып алуға қатысты мәселеге «АЖ»-дан басқа, техниканы тарату мен жеткізуге қоғамдық бақылау жүргізген «Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі де қызығушылық танытты. Кеңсенің мәліметінше, таратылған 1999 жаңа планшеттің 166-сы мектеп бағдарламасын оқуға жарамсыз болып қалған.

Оның ішінде 44 планшет Жылыой ауданында (тапсырылған 400-дің ішінде), 4 - Индер ауданында (240), 29-ы Исатай ауданында (240), 3-і Құрманғазы ауданында (400), 27-і Қызылқоға ауданында (240), 20-ы Мақат ауданында (206), 39-ы Махамбет ауданында (273).

Ашық дереккөзден біз Android ОЖ қондырылған «Xuezhiyou» маркалы қытайлық планшеттердің құны шамамен 41 мың теңге тұратынын анықтадық, ал жеткізушілер оны әкімдікке 67 мың теңгеден сатқан. Планшеттерді жеткізуші – «Barys Systems» және «Learning Management Systems» ЖШС-тері.

Ақауы бар планшет берілгеніне тек Атырау облысында емес, жақында Алматыдағы оқушылардың ата-аналары қуаттау кезінде қызатын және жұмыс жасамай қатып қалатын сапасыз планшет берілгеніне де шағымданды.

«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде атап өткендей, келісімшартқа сәйкес алынған планшеттерге 1 жыл бойы кепілдікті қызмет көрсетіліп, оларды тегін жөндеуге міндетті екендігі көрсетілген. Ал Атырау облысының білім беру басқармасы 980 000 теңгеге компьютерлік-перифериялық ұйымдастыру техникасына/жабдықтарына және олардың бөліктеріне техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу бойынша қызметтерге тапсырыс берді. Миллиардтаған теңгеге компьютер сатып алып, билік кепілдік қызмет көрсету мәселесін шешіп алмаған бұл тек жалғыз тендер емес болар деген заңды сұрақ туындайды.

Таратуға әуде етілген 22 мың компьютерге келер болсақ, облыстық білім беру басқармасы біздің сауалымызға әлі жауап берген жоқ. Мүмкін, бұл техника әлі күнге дейін облысқа жетпеген болар. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА


16 қазан 2020, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.