Атырау, 14 қазан 21:31
 дождьВ Атырау +20.9
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

«Лада» рекорд жасады

3 198 рет қаралды

Атырауда патрульдік полиция қызметкерлері айыппұл төлемей жүрген көлік иелерін тоқтатуда. Кейбіріне салынған айыппұл сомасы өте көп.

«Лексус» көлігінің иесі жылдамдық режимін 8 рет бұзып, сол үшін оған жалпы сомасы 153 мың теңгедей айыппұл салынған. «ВАЗ-2110» көлігінің жүргізушісі рұқсат етілген жылдамдықты 22 рет асырып, 417 мың теңге айыппұлмен жазаланды. 45 рет камераға түскен «десятка» көлігі 1 миллион теңгеден артық айыппұл жинап, рекорд жасады. Полицейлер атап өткендей, үш көлікте де ресейлік нөмір болған.

Көліктер айып тұрағына койылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 қазан 2020, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.