Атырау, 19 сәуір 12:38
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырау облысында төрт блок-бекет орнатылған - Тұрғымбаев

5 863 просмотра

Өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің шешімдеріне сәйкес, еліміздің екі аймағында төрт блок-бекет пен екі санитарлық пост жұмыс істеуде. Блок-бекеттер Атырау облысы, Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде, санитарлық посттар Ақтөбе облысында орнатылған. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Медициналық мекемелердің сұрауы бойынша, тәртіп сақшылары ауру жұқтырған адаммен байланыста болғандарды іздеп, табады.

Денсаулық сақтау органдары және әкімдік өкілдерімен 50 мыңнан астам рейдтер жүргізілді, оның ішінде қызмет көрсету саласына да.

- 28 мыңнан астам карантин шектеулерін бұзу фактісі анықталды, оның ішінде 4600-ден астамы - сауда орталықтарына, дүкендерге, базарларға мейрамханаларға, кафелерге тиесілі және 1700-і - басқа да бос уақытты өткізу мекемелерінде , - деді Тұрғымбаев.

Олардың басым бөлігі Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматыда тіркелді. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін барлық фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

30 қыркүйек 2020, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.