Атырау, 20 сәуір 12:50
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ән тыңдасаң - төлем түбіртегін ұсын

2 315 просмотра

Әділет департаменті кәсіпкерлердің зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы сақтауына қатысты алдын ала хабарламай тексеру жүргізе алады.

Бұрын әділет департаменті кем дегенде бір тәулік ішінде тексеру жүргізетіндігі туралы хабардар етуі тиіс болатын. «6 қаңтарда «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» жаңа заң шықты. Соған сәйкес арыздар бойынша зияткерлік меншіктің сақталуына қатысты тексерулер алдын ала хабарланбай жүргізіледі», - дейді Атырау облыстық Әділет басқармасының зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлім бастығы Мәди МҰХСАНОВ. Прокуратура органдарына тексеруді міндетті тіркеу туралы ереже өз күшінде қалған. Тексеру жүргізуге арызды авторлық және аралас құқықты қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер: «Қазақ әндерін орындаушылар», «Авторлар әндерінің одағы», «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы», «Демеу» РҚБ бере алады. Батыс аймағында «Қазақ әндерін орындаушылар» бірлестігінің өкілдері ерекше белсенділік танытып отыр, өйткені бірлестік аралас құқықтан басқа «Авторлар әндерінің одағы» атынан тікелей авторлық құқықтарды да қорғайды.

М.Мұхсановтың айтуынша, келісім-шарт жасағаннан кейін пайдаланушылар құжатты әділет министрлігінде тіркеуі тиіс. Ол үшін фонограмманы көпшілікке пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу түбіртегі мен келісім-шарт көшірмесін ұсынуы керек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 наурыз 2011, 19:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.