Атырау, 28 наурыз 17:52
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Ішімдікке салынған ана

2 976 просмотра

7-18 қыркүйек аралығында өткен «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері салық төлеуден жалтарып, заңсыз жалға берілген 67 пәтерді анықтады.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-ның 484-бабын (Азаматтық қаруды, оның патрондарын сақтау тәртібін бұзу) бұзған 4 факті анықталды. 3 қару тәркіленді.

Тексеру кезінде ювеналды полиция қызметкерлері есепте тұрған жайсыз отбасының пәтеріне барды. Есікті мас күйдегі әйел адам ашты. Бәріне қолын бір сілтеген 37 жастағы  азаматшаның 10 және 16 жастағы екі баласы бар. Ақырында оны наркологиялық диспансерге, ал балаларын жасөспірімдерді бейімдеу орталығына орналастырды.

Осы жағдайға байланысты жинақталған іс-құжаттарды полиция қызметкерлері ата-анасын құқығынан айыру немесе шектеу мәселесін шешу үшін Атырау облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолдады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

22 қыркүйек 2020, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.