Атырау, 4 мамыр 14:22
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Нұрлан Таубаевтың адвокаты оның ұсталуына қатысты түсініктеме берді

5 712 просмотра

Нұрлан ТАУБАЕВТЫҢ адвокаты Игорь ВРАНЧЕВ өзінің Facebook-тегі парақшасында облыс әкімі орынбасарының кешегі ұсталуына қатысты пікірін білдірді:

- Шынымен, 10 қыркүйекте сағат 15.10-да ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері оның (Таубаевтың - «АЖ» ескертпесі) үйіне келіп, әлдебір жағдайларды анықтау үшін өздерімен бірге бір сағатқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратына бару керектігін айтқан. Оны жеткізгеннен кейін оған қамауға алынатындығы туралы хабарлайды, бірақ не үшін, қандай іс бойынша екені айтылмаған.

Адвокат Вранчевтің айтуынша, тергеуші Кукатов оның неге күдікті болғаны және қамауға алудың мән-жайы туралы сұрағына жауап бере алмаған.

- Кешкі сағат 17.00-де қамауға алу хаттамасы дайын болды, бірақ қандай негізде ұсталғаны, сондай-ақ, не нәрсеге күдіктелгені туралы сұраққа жауап ала алмадық, - дейді адвокат. - Әрі қарай, енді тергеуші Д.Сахариев Н.Таубаевтан «Сіз куәлік бермейсіз, бас тартасыз, солай ма?»  деп, жауап алмақ болады. Оған Н. Таубаев куәлік беруден бас тартпайтынын, бірақ оған не үшін және қандай іс бойынша ұсталғанын, немен күдіктеліп отырғанын түсіндіруін сұрайды.

Төрт сағаттың ішінде мен де, ол да (Таубаев – «АЖ» ескертпесі) БАҚ-та жазылып жатқан қандай пара, кімнен қандай мөлшерде және кім алғаны туралы ақпаратты біле алмадық дейді адвокат.

- Мен Атырау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратынан 20 сағат 12 минутта шықтым, Н.Таубаевты уақытша ұстау изоляторына алып кетті, - деп жазды И.Вранчев.

Естеріңізге салсақ, кеше, 10 қыркүйекте Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровтың 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынғаны белгілі болды.

Оларды астанадан Атырауға арнайы келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бір топ қызметкерлері ұстаған.

Фархат ӘБІЛОВ

11 қыркүйек 2020, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.