Атырау, 25 қараша 04:16
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудағы балық аулаудың ерекшеліктері

2 072 просмотра

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы сейсенбі мен сәрсенбіде және түнгі уақытта әуесқойлықпен балық аулауға тыйым салынғанын еске салады.

Қалалық балық инспекциясының маманы Ақжан ЗҰЛҚАРОВАНЫҢ айтуынша, «Балық ресурстарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салу» туралы үкімет қаулысының 2, 3 және 23-тармақтарына сәйкес, Атырауда (тыйым салынған 1 сәуірден бастап 15 маусымға дейінгі аралықтан басқа кезде) 15 маусымнан бастап 1 сәуірге дейінгі аралықта қандай да болмасын құжатсыз әуесқойлықпен балық аулауға рұқсат етілген және 5 ілмектен аспауы керек. Әуесқойлар үшін рұқсат етілген Жайық  өзенінің айдыны – ММС поселкесінен Ақжар поселкесіндегі әскери бөлімшеге қарсы Төменгі Татарская учаскесіне дейін. Қыста төмендегі балық қыстайтын шұңқырлардан балық аулауға тыйым салынған: Қалалық (АМӨЗ су тоғанына қарсы), ОСВОД (судан құтқару қызметі стансасына қарсы), Водозаборная (1-учаскедегі су тазарту құрылғысына қарсы), Теңдік (Томарлы поселкесіне қарсы) және Буровиков (Ақжар поселкесіне қарсы).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 желтоқсан 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.