Атырау, 19 сәуір 18:59
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

2 250 просмотра

Жас палуандар турнирі

«Жасбатыр» спорт кешенінде Тұңғыш президент күніне арналған мектеп және колледж оқушылары арасында грек-рим және еркін күрестен облыстық біріншілік өтті.

Өз салмақ санаттарында жеңімпаздар төмендегіше анықталды: грек-рим күресі - А.Елемесов, А.Қален, С.Фомин, Т.Хайроллаев, Р.Рахимов, К.Дүйсенбай, Е.Кенжесов, Е.Батырхайыр, С.Курбанов және Т.Еспенбет; еркін күрес – А.Борамбаев, А.Сулейман, А.Смағұл, А.Қуанышев, А.Жақанов, К.Балтабаев, Р.Берков, Д.Бекеев, Н.Жардемов және А.Тілепбергенов.

***

 

Қоржынға салған үлес

Стамбул қаласында өткен муай-тайдан «Балқан Кубогында» Қазақстан құрамасы алға тек алаң иелерін ғана салып, екінші орынға ие болды.

«Қайсар» спорт клубының аға бапкері Бақытжан МҰХАНБЕТҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, Қазақстан құрамасының қоржынында 4 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар. 2 «күмісті» атыраулық тайбоксшылар Абылай Құралбаев (41 кг дейін) және Әлішер Мұхтаров (51 кг дейін) жеңіп алды.

***

 

Асыланбектің күміс жүлдесі

«Айдар» спорт клубының шәкірті Асыланбек ТАЖЕНОВ Бішкекте өткен вале-тудо версиясы бойынша ережесіз жекпе-жектен Еуразия чемпионатында күміс медальға ие болды.

Бапкер Сағындық МЕКЕЕВТІҢайтуынша, Асыланбек 32 спортшы қатысқан 70 келіге дейінгі салмақта қатысқан. Ол ширек финалда қырғыз спортшысын есеңгіретсе, жартылай финалда өзбекстандық оған қарсы шығудан бас тартты. Ал финалда Асыланбек Алматы құрама командасының өкілінен ұтылып қалды. Қазақстан құрамасы жалпы командалық 1-орынды иеленді, қоржында – 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль.

***

 

Атына заты сай болмады

7-8 желтоқсанда Мұз сарайында еліміздің қазіргі чемпионы«Бейбарыс» павлодарлық «Ертіс» командасынан екі ойында екі рет ұтылып қалды.

Бірінші ойында біздің жігіттер 0:2 есебімен ұтылды (екі шайба да Станислав Басовтың еншісінде). Екінші ойынның үшінші кезеңінде есеп 2:2 болған, алайда ойын аяғында «Ертіс» екі шайба соқты – 4:2.

***

 

«Матин» - чемпион

Атырау қаласындағы Х ашық чемпионаттың аяқталуына екі тур қалғанда «Матин» жеңімпаз атанды. «АМӨЗ» - күміс, «Мұнайшы» - қола жүлдені иеленді. «Мұнайшы» - ең нәтижелі команда болды. Ол бір маусым ішінде 73 гол соққан еді, ең күшті қорғаныс та сол команданың еншісінде (10 доп өткізілген).

***

 

Ганюшкинодағы шеберлер

Тұңғыш президент күніне арналған мектеп пен колледждер арасында бокстан өткізілген облыстық біріншілікте:

42 келі салмақтағы - Алдияр Төреш (Ганюшкино), 44 келі - Ерік Қанымжанов, 46 келі - Бекбол Нұрболұлы, 48 келі - Амандық Төреш (Ганюшкино), 50 келі - Нұрсұлтан Жұмағазиев, 52 келі - Нариман Байманов, 54 келі - Мирас Нығметов (Ганюшкино), 57 келі - Данат Қарымсақ, 60 келі - Нұрбол Қадимов (Махамбет), 63 келі - Ерден Елеусінов (Аққыстау) және 75 келі - Асхат Тілекқабылов (Ганюшкино) жеңімпаз атанды.

***

 

Лицей басым түсті

Тұңғыш президент күніне орай дойбы бойынша өткізілген  командалық турнирде жоғарғы оқу орындары мен орта оқу орындарының оқушылары арасында 1-орынды қазақ-түрік лицейінің командасы (ойыншылар Әлсейіт Қизатбай, Жасұлан Қонарбаев, Ғалымгерей Қапсих), 2-орынды – гуманитарлық колледж, 3-орынды мұнай және газ институтының командасы иеленді.

***

 

 

 

Біздікілер үшінші орында

Үстелүсті теннисі бойынша Орал қаласында өткен халықаралық (ҚР батысы мен РФ-ның іргелес облыстары) турнирде біздің командамыз командалық есеп бойынша үшінші орынға шықты (Айбек Қайралиев, Владислав Тен, Нұрлан Хайрушев және Альбина Қуанышева). Жеке есепте тек А. Қуанышева ғана алқаға қол жеткізді.

***

 

Тарабрин жеңді

Тұңғыш президент күніне арналған армрестлинг бойынша өткізілген турнирге («Мұнайшы» стадионы) 89 қолкүресші қатысты. 60 келіге дейінгі салмақта – В.Крюков, 65 келіге дейін – Ф.Сәрсенбиев, 70 келіге дейін – А.Попов, 80 келіге дейін – Д.Акунишников, 80 келіден жоғары – О.Ганус, абсолюттік салмақта - К.Тарабрин жеңімпаз атанды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 желтоқсан 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.