Атырау, 8 қазан 21:05
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

СПИД-ке қарсы шара

9 761 просмотра

Облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер мұражайында «Ғасыр дертінен сақтанайық!» атты мектеп оқушыларының байқау-көрмесі болып өтті. Жүзден астам суреттің негізгі тақырыбына СПИД деген қорқынышты атауы бар «ХХІ ғасыр обасы» арқау болды.

- Байқау-көрмеге 106 оқушы қатысты, - дейді мұражай директоры Жайдарбек ЗАЙДУЛЛИН.

Соның 56-сы Атырау қаласынан, қалған 50-і  барлық аудандардан. Бұл - жастарымызды ғасыр індетінен сақтандыру үшін өтіп жатқан шара.  

1-ші орынға Индер ауданы, Есбол селосындағы Жамбыл атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Сымбат ҚАБДЫҒАЛИЕВА ие болды. Өз туындысының бірінші бөлігінде ол қауіпті аймақты танытатын СПИД қоғамын көрсетсе, екінші бөлігінде нұрын шашқан күн көзі арқылы жарық дүние мен таза да шипалы табиғат аясын келтірген.

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

Суретті түсірген автор

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ. Атырау облысында 1993 жылдан бері СПИД-тен 8 адам көз жұмған. Ал соңғы 11 айда бұл дерт 29 науқастан анықталған. Олардың арасындағы біреуі - мектеп оқушысы.

13 желтоқсан 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.