Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Үздік шыққан Алпамыс

2 017 просмотра

6 желтоқсан күні облыстық халық шығармашылығы орталығында Атырау өңірінің тума талант, төл перзенті Бала Ораз ақынның туғанына биыл 175 жыл толуына орай «Өлеңнің өрен жүйрігі» тақырыбы аясында көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы болып өтті.  

Сайысқа  Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандары мен Атырау қаласынан бас-аяғы 16-30 жас аралығындағы талапкерлер қатысты. Додаға түсуші сайыскерлер Бала Ораз ақынның «Толғау», «Тойбастар», Жібекпен айтысы, «Қызыл тілім сөйлеп қал» шығармаларымен  қатар еркін тақырыпта өз туындыларын (поэзия, проза), ақын Жұбан Молдағалиевтың «Мен - қазақпын», Мұқағали Мақатаевтың «Шеше, сен бақыттысың» өлеңдерін, жазушылар арасынан қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат»,  жазушы Оралхан Бөкейдің «Құм мінезі» повестерін, «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімесінен, сондай-ақ, жергілікті ақын-жазушылардың өлең-жырларынан  үзінділер оқыды.

Айтыскер ақын Бала Ораз өз заманында ақын-жыршы Қашағанмен, әнші Мұхитпен үзеңгілес, сырлас дос болып, Құлмамбет, Жібек, Алма, Досжан сияқты дүлдүлдермен сөз додасына түсіп, айтысқан. Өз кезегінде ақын әділдіктің жаршысы боп, елдікті жырлап өткен. Оның жаншып айтар өткірлігі ақынды қудалауға да апарған.

Сонымен сайыста топ жарып, бас жүлдені Махамбет ауданы, Чкалов орта мектебінің 11-сынып оқушысы Алпамыс ОРАЛТАЕВ жеңіп алды. Ол бұған дейін де аудандық көркемсөз оқуларынан бас жүлдені иеленіп жүрген. Ол сайыста ақынның «Толғау» өлеңімен қоса жазушы О. Бөкейдің «Құм мінезі» повесінен үзінді оқыды.

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

13 желтоқсан 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.