Атырау, 25 қараша 04:49
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бізге шетел көмектеседі

1 633 просмотра

Соңғы жылдары адамдарға әрі саяхаттап, әрі емделуге мүмкіндік беретін медициналық туризм қанат жая даму үстінде. Біз атыраулықтардың өз денсаулық мәселелерін қандай елдерде шешетіндерін анықтауға тырыстық.

Медициналық туризмге мамандандырылған компаниялардың бірінің директоры Роза БЕКЕНОВА өз көрген-білгендерімен бөлісті:

- Екі жыл бұрын шетелдік дәрігерлерге, негізінен, онкологиялық аурулармен ауыратын, түрлі сынықтар зардабынан тірек-қозғалыс аппараттары бұзылған адамдар баратын. Бұлар - өзімізден қажетті медициналық көмек ала алмаған жандар. Ал қазір тек емделуге ғана емес, диагностика жасатуға да барады, сондай-ақ, косметология саласындағы пластикалық ота жасату, косметикалық процедуралар сияқты ұсыныстар да көп сұранысқа ие. Атыраулықтар диагностикалық мақсатпен туристік саяхатқа толық отбасы мүшелерімен де жиі барады.

Емделушілер көбіне Ресейге, Израильге, Германияға, Түркияға, Қытайға, соңғы кездері Оңтүстік Кореяға барғанды жөн көреді.

Қытайға, негізінен, шығыс медицинасы емін алғысы келгендер барады. Германияға емделуге бару үшін ең алдымен таңдаған клиникаңа белгілі бір соманы аудару керек, тек содан кейін ғана неміс дәрігерлері шақырту жібереді. Оңтүстік Кореяда дәстүрлі еуропалық медицина мен шығыс медицинасын сабақтастыра ем жасайды, сондай-ақ, ол жақта емделушілерді қалпына келтіруге көп көңіл бөледі. Израиль мен Түркия да сұранысқа ие, алайда Оңтүстік Кореяға барушылар басымырақ. Ресейлік клиникалардан диагностикадан өтіп, емделуді қалайтындар, әдетте, турагенттіктерге хабарласпайды. Біріншіден, тілдік кедергі жоқ, сондай-ақ, орыс дәрігерлерінің қабылдауына жазылу қиын емес. Ең бастысы, мұнда келу үшін қандайма бір құжаттар ресімдеудің қажеті жоқ.

- Сапар құны ауру сипатына және таңдалған клиникаға байланысты. Бағалық салыстыруда Оңтүстік Корея ұтымды. Мәселен, сол жаққа стандартты диагностикалық зерттеу жүргізуге бару әр адамға 4500 долларға шығады. Германияға дәл осындай сапар бірнеше есе қымбат тұрады, - дейді Р.Бекенова.

Шетелдік дәрігерлерге бару үшін туроператорға сапарды ресімдеуге қажетті құжаттармен қатар өз ауру тарихын да ұсыну керек. Міне, осы тарих қажетті клиниканы іздеуде басты құжат болып табылады.

Кез келген өзін сыйлайтын медициналық турлар ұсынатын фирма болашақ тұтынушысына баратын елін, емделетін клиникасын өзі таңдау үшін кемінде үш нұсқа ұсынады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

13 желтоқсан 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.