Атырау, 20 сәуір 17:42
 ашықВ Атырау +17
$ 521.90
€ 593.50
₽ 6.39

Желтоқсандықтар Алматыға қаһарман қала мәртебесін сұрауда

2 341 просмотра
Бүгін Алматыда 1986 жылғы желтоқсан көтерлісін ұлықтау мақсатында құрылған қоғамдық ұйымдар қалалық мәслихат депутаттары мен барлық шаһар тұрғындарына ерекше ұсыныс жолдады. Сондай-ақ Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында арнайы бас қосқан желтоқсандықтар ел тарихындағы ең ұлы мерекені лайықты атап өтуге шақырды.

«Алматы қаласына - Қаһарман, батыр қала мәртебесін берсек бүкіл қазақ елі аумин дері хақ. Бұл ұсыныстың себебі 1986 жылы қазақ халқы бүгінгі Тәуелсіздік алаңына шығып, бүкіл одақтас елдердің егемендік алуына жол салды. Сол көтерлістің қасіретін көтеріп,  қазақтың тәуелсіздігін әкелген Алматы қаһарман қала деген атқа өте лайық», - дейді «Желтоқсан-86 тәуелсіздік қырандары» республикалық халық қаһармандары қозғалысының төрайымы Гүлбахрам Жүніс.

Дереккөз: ҚазАқпарат

12 желтоқсан 2012, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.