Атырау, 27 желтоқсан 04:11
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Кәсіби білім беру ме әлде бұрмалау ма?

2 691 просмотра

12 желтоқсанда облыстық мәслихаттың IX сессиясында депутаттар билік ауысуынан алған соққыларынан айыққандарын көрсетті. Олар 2013-2015 жылдарға арналған облыс бюджетін бекіту барысында сандарды ширақ нақтылап, жергілікті кәсіби білім беру мәселелерін талқылауда да белсенділік көрсетті.

Бергей РЫСҚАЛИЕВТІҢ командасын тазалағаннан кейін туындаған кадр жетіспеушілігі жаңа басшылықты ескі кадрларға назар аударуға мәжбүрлеген сияқты. Мәселен, сессияда «Атырау Су Арнасы» КМК-ның бұрынғы басшысы Серік ЖҰМАШПАЕВ пен бұрынғы Атырау қаласының әкімі Асқар КЕРІМОВПЕН (қамақта отырғанын естеріңізге cаламыз) жұмыс жасаса алмаған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Нұрлы ХАБИЕВА (бұрын ол ұзақ еңбек демалысына кетті деп хабарланған болатын) көзге шалынды. Бұл адамдардың тағайындалуы туралы ресми хабар таратылмаса да, Хабиева өзінің бұрынғы орнына келгенін, ал Жұмашпаев қалалық құрылыс бөлімінің бастығы болғанын анықтаудың сәті түсті.

Сессияда Атырау жұмыс берушілер және кәсіпкерлер одағының төрағасы Әлия БЕККУЖИЕВА кәсіби техникалық лицейлер жұмысына түбегейлі өзгеріс енгізу қажеттілігі жөнінде мәселе қозғады. Оның айтуынша, бүгінде осындай мекемелердің аты өзгергені болмаса, жұмысшы кадрларды дайындау сапасы төмен күйінде қалуда.

- Сатқан Ыбырайұлы (облыстық білім басқармасының бастығы Есенғалиевке қарап), біз сізден осы мекемелерді жабуды емес, олардың жұмысын түбегейлі түрде кері қарауды сұрап отырмыз. Ал өз жағымыздан түлектерді жұмысқа орналастыруға ат салысамыз,- деді Беккужиева.

Облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры Ерсайын ДҮЙСЕМАЛИЕВ темамандарды дайындаудың сын көтермейтіндігін айтып өтті. Ол осындай келеңсіздіктер себептерінің бірі жоо-лар мен кәсіби білім беру орындарында еркін қатыс тәжірибесінің қолданылуынан деп есептейді:

- Қалай бір жерде жұмыс жасап, келесі жерде толыққанды білім алуға болады.

Облыс әкімі Бақтықожа ИЗМУХАМБЕТОВ те депутаттарды қолдап, Есенғалиевке осы мәселені оқу орындары директорларымен талқылап, нақты ұсыныстар дайындауға бір ай мерзім берді.

 Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

12 желтоқсан 2012, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.