Атырау, 26 желтоқсан 15:40
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Мұздап отыр

2 500 просмотра

Пайдаланылуға берілгеннен кейін екі жылдан астам уақыт өткен соң ғана Индер ауданының бес әлеуметтің нысанының жылыту қазандықтары мен тұрбаларын ауыстыру жұмыстарының сапасын тексеру жүргізілді. Тапсырысшы - аудандық құрылыс және сәулет бөлімі жұмыстардың шабандап қалғанын жасалған ескертпелермен түсіндіреді. Алайда, өткен жылдарда кемшін тұстарды ешкім де түзетуге асықпады.

2010 жылы Индербор поселкесіндегі «Райхан» балабақшасының (суретте) жылу құбыры мен қазандығын ауыстыруға, Өрлік селосындағы екі мектеп, мәдениет үйі және әкімшіліктің жылу қазандықтарын орнатуға 48 млн теңге бөлінген болатын. Бұл жұмыстың мердігері - «Снабоилстрой» ЖШС жұмысты мерзімінде аяқтағанымен, мемлекеттік қабылдау актісіне ешкім де қол қойған жоқ. 

- Жылу қазандықтары жылдың аяғына дейін қабылданып қалуы мүмкін. Десе де, біздің әлі де айтар ескертпеміз бар, - дейді Индер аудандық құрылыс және сәулет бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВ.

Өрліктегі жылу қазандықтарына дейін су құбыры жалғанбаған болып шықты. Су су таситын көлікпен тасылуда. Ал «Райхан» балабақшасындағы бөбектер әбден тоңып бітті. Онда бөлмелерге жылу дұрыс келмейді, радиаторлардың түбінен су ағып тұр.  

Балабақшаның шаруашылық ісі меңгерушісі Әуез ҚҰСПАНОВА кейбір тетіктерді өз жаңқалтасынан ақша шығарып, сатып алып ауыстырып отырғанын жеткізді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

12 желтоқсан 2012, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.