Атырау, 27 желтоқсан 00:59
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Дүниежүзілік банк Грекияны несиелендіруден бас тартты

2 925 просмотра

Дүниежүзілік банк Грекияға несие бермейтін болды. Бұл туралы Agence France-Presse хабарлағандай, ДБ бастығы Джим Ен Ким (Jim Yong Kim) хабарлады.

Оның айтуынша, Грекия ДБ бөлімшелері - Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) несиелерін алуға мүмкіндік беретін критерийлерге сәйкес келмейді.
ЕҚДБ орташа табыс деңгейі бар мемлекеттерге ғана несие береді. Ал Джим Ен Кимнің айтуынша, Грекия табыс деңгейі жоғары мепмлекетке жатады, деп хабарлады Лента.Ру.
Қазіргі таңда Грекия терең экономикалық дағдарыс жағдайында, ЕО пен ХВҚ-дан қаржылай көмек алып тұрады.
Ағымдағы жылдың соңында ДБ-ның бұрынғы президенті Роберт Зеллик Грекияға қаржылай көмек көрсетуге қарсы болған. Оның айтуынша, дағдарыстан құтылу үшін үлкен қаржы бөлудің орнына, елде экономикалық өсімді жылдамдатуға шаралар қабылдау керек.

Дереккөз: bnews.kz

12 желтоқсан 2012, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.