Атырау, 22 қараша 12:51
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Лукашенко: Украина үшін еуразиялық ықпалдастыққа қатысу экономикалық жағынан тиімді

1 590 просмотра

Беларус Президенті Александр Лукашенко Украина үшін еуразиялық ықпалдастыққа қатысу экономикалық жағынан тиімді екеніне сенімді. Бұл туралы ол ТМД, Балтия және Грузия елдерінің журналистерімен өткен кездесуде мәлімдеді.

«Менің ойымша, Виктор Федорович (Янукович) елдің экономикалық одаққа мүше болмағандығынан көп нәрсені жоғалтатынын түсінетін», - деп ИТАР-ТАСС Беларус басшысының сөзін келтірді.

Оның айтуынша, қазіргі кезде «Батыста бізді де, Украина мен Ресейді де ешкім күтіп тұрған жоқ».

«Сондықтан, біз Украинаның бізбен бірге болғанын қалаймыз. Ешқайда кірудің қажеті жоқ, сіздің тарабыңыздан қандай да бір төлемнің қажеті жоқ. Бірақ, сіз үлкен пайда көресіз», - деп атап өтті Лукашенко.

Бұнымен қатар, президенттің айтуынша «үштіктің» ықпалдастық бірлестігінде (Беларус, Қазақстан және Ресейдің кедендік одағы – ИТАР-ТАСС ескертуі) мәселе саясат емес, экономика туралы.

Дереккөз: bnews.kz

12 желтоқсан 2012, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.