13 желтоқсанда Атырау облысында көліктің жаңа сериядағы аймақтың сандық белгісі бар мемлекеттік нөмірлері беріле бастайды. Бұл туралы бүгін, 11 желтоқсанда баспасөз конференциясында ІІД ЖПБ бастығының орынбасары Мырзағали ӨТЕҒАЛИЕВ хабарлады.
Бұл туралы бүгін, 11 желтоқсанда баспасөз конференциясында ІІД ЖПБ бастығының орынбасары Мырзағали ӨТЕҒАЛИЕВ хабарлады.
Аймақтың сандық белгісі бар (Ресей үлгісі бойынша) жаңа нөмірлерді енгізу жөнінде ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті төрағасының орынбасары Николай КАЛАШНИКОВ мамыр айында Атырауға келген сапарында айтқан болатын. Олар тамыз айында пайда болады деп жоспарланған еді, алайда бұл жаңалықтың кейінге шегерілгені мәлім болды: нөмірлерді шығару тендерін жеңіп алған компания өз жұмысын аяқтай алмай қалыпты. Алайда сол кезде журналистерді көрсетілім үлгісімен таныстырған еді: нөмірлік белгінің сол жағында елдің жалауы, оң жағында – облыстың сандық белгісі бейнеленген.
Сонымен, жаңа нөмірлер өңірімізге де жетіпті. Ертең олар атыраулық жүргізушілерге беріле бастайды. Мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баж салығының мөлшері бұрынғыша – 4530 теңге 40 тиын боп қалды. Қашу және ұзын-сонар кезекке тұру міндетті емес. Бұрынғы нөмірлерді тозғанша пайдалануға болады.
- Күні бүгінге дейін біздің аймағымызға NKM сериясының нөмірлері берілген болатын. Енді жаңа үлгідегі нөмірлер беріле бастайды. Олардың сериясы ААА-дан басталады. Аймақтардың сандық белгісі (олардың қазақша жазылуы бойынша) Астанадан бастап алфавиттік тәртіппен жасалған: Астана- 01, Алматы-02, Ақмола-03, Ақтөбе-04, Алматы облысы – 05, Атырау - 06, Батыс Қазақстан облысы – 07 және әрі қарай рет-ретімен кете береді, – дейді Мырзағали Өтеғалиев- Заңды тұлғаларға үш сандық және екі әрпі бар, жеке тұлғаларға – үш сандық және үш әрпі бар нөмірлер берілетін болады.
Арнайы қызмет көліктеріне арналған нөмірлердің әріптік белгілеріне қатысты ерекше нұсқау әзірге түспеген.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ