Атырау, 30 қыркүйек 10:26
 бұлттыВ Атырау +24
$ 474.47
€ 503.51
₽ 4.88

Челахтан жәбірленушілердің пайдасына 25 млн теңге өндіріледі

1 566 просмотра

Судья Е.Ахметжанов. Фото Руслан ҚАНАБЕКОВТІКІ, BNews.kz.

Бүгін «Арқанкерген» ісі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтан жәбірленушілердің пайдасына 25 млн теңге өндіріледі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Жәбірленуші тараптың өкілі Саниннің Челахтан 7 млн 847 мың 373 теңге өндіру туралы талап арызы толығымен қанағаттандырылсын. Әскери бөлімнің пайдасына 7 млн 847 мың 373 теңге өндірілсін. Жәбірленушілердің өкілі Ким, Саринов, Әмірғалиев, Сисенов, Сәрсенбаевтың Челахтан 7 млн, 25 млн, 20 млн, 20 млн және 10 млн теңге өндіріп беру туралы талап арызы жартылай қанағаттандырылсын. Жәбірленуші Ким, Саринов, Әмірғалиев, Сисенов, Сәрсенбаевтың пайдасына сотталушыдан әрқайсына 5 млн теңгеден, жалпы 25 млн теңге өндірілсін», - деді судья Ербол Ахметжанов.

Естеріңізге сала кетейік, сот Владислав Челахты «Арқанкерген» шекара заставасында болған қанды оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес айыпты деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Дереккөз: bnews.kz

11 желтоқсан 2012, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.