Естеріңізге сала кетейік, кеше Талдықорған әскери гарнизонының әскери сот залында тараптардың жарыссөздері басталды.
Мемлекеттік айыптаушы Қайрат Ермаханов өткен жолдағыдай судья Ербол Абдуллиннен Алексей Фоминға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады.
«Сарыбөктер» шекара заставасының бұрынғы бастығының қорғаушылары өздерінің қорғалушысының кінәсіздігі туралы мәлімдеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
* * *
«Арқанкерген» бекетімен уақытында байланысқа шықпаған шекара бекетінің бұрынғы бастығы ҚР ҚК 380 бабы бойынша (әрекетсіздік және қызметін асыра пайдаланғаны үшін) кінәлі деп танылды.
Сот Фоминді 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ол енді жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Сондай-ақ, 4 жылға мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан айрылады.
Сот Фоминді қалған баптар бойынша ақтады.
Дереккөз: bnews.kz