Атырау, 28 наурыз 13:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Челах өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

2 618 просмотра

Сот Владислав Челахты «Арқанкерген» шекара заставасында болған қанды оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес айыпты деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.    

«Арқанкерген» шекара заставасындаға 15 адамның өліміне қатысты басты күдікті Челахқа қатысты сот үкімін сот отырысына төрағалық етуші судья Ербол Ахметжанов оқыды.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың 30 мамырында «Арқанкерген» шекара заставасының өртенген ғимараты анықталды. Сол күннің ертесінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекарашылық қызметі Алматы облысында 13 адамның - 12 шекарашы мен бір қорықшының қаза болу оқиғасын растады. 

Кейін тағы екі сарбаздың сүйегі табылғаны белгілі болды. Соңғы шекарашы қарағандылық Владислав Челах тауда жүрген жерінен қолға түсті.

Алдымен еліміздің Бас прокуратурасы В.Челах шекарашыларды қырып салғанын мойындады деген мәлімдеме жасады. Кейін Челах өзіне жабылған жаланы психологиялық қысым жасалғандықтан мойнына алған деген ақпарат таралды. 

Істің ақ қарасын анықтайды деген Владислав Челахқа қатысты сот процесі Алматы облысы Талдықорған қалалық сотында 2012 жылдың 19-қарашасында басталған болатын.

Дереккөз: bnews.kz

11 желтоқсан 2012, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.