8 желтоқсан күні облыс әкімдігінің басшылық құрамы алғаш рет «Қазтест» қазақ тілін білу деңгейін анықтау жүйесі бойынша сынақтан өтті.
«Қазтест» жүйесі – TOEFL (Test of English as a Foreign Language), IELTS (International English Language Tests System) секілді халықаралық тіл білімін бағалау жүйелері негізінде әзірлерген. Онда қазақ тілі білімі төрт бөлім бойынша тексерілді:
1. Тыңдалым: шағын және ұзақ диалог, қысқа монологтардан және, есту арқылы түсінгенін анықтауға арналған тапсырмалар; 2. Оқылым: алуан мазмұнды, түрлі стильді мәтіндер мен соларды оқу барысында түсінгенін тексеруге арналған тапсырмалар; 3. Лексика-грамматика: грамматиканы, лексиканы пайдалана білетіндігін анықтауға арналған тапсырмалар; 4. Жазылым: тіл меңгеру деңгейлеріне байланысты шығармашылық диктант, мазмұндама және ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазу.
Бұл облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының ұйымдастыруымен басқармалар бастықтары мен орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының барлық мамандары мемлекеттік тілді қаншалықты деңгейде білетіндіктері және жалпы мониторинг жасау үшін сынақтық байқау ретінде өткізіліп отырған тест.
Айнұр САПАРОВА