Атырау, 4 қазан 06:45
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Әзірбайжанда халық наразылық шеруге шықты

1 851 просмотра

Әзірбайжанда үкіметке қарсы шерулер басталды. Ел астанасы Бакуде 300-ге жуық адам президент Ильхам Алиевтің отсавкаға кетуін және парламентті таратуды талап етіп көшеге шықты.

Наразы халықтың шеруі полицейлермен қақтығысқа ұласып, митингте белсенділік танытқан оппозициялық «Мусават» партиясының ондаған мүшесі тұтқынға алынды. Үкімет саясатына наразылықтарын білдірген халық «Парламент таратылсын!» деп ұрандатты. Сарапшылардың пікірінше, елдегі әлсіз оппозиция осындай шерулер өткізу арқылы халық қолдауын таппақ. Алайда, былтыр «Араб көктемінен» кейін бастау алған Бакудегі қарсылық акциялар талай мәрте сәтсіздікке ұшырады. Жергілікті тәртіп сақшылары тәртіпсіздіктерге жол бермеу үшін наразылық көрсеткен адамдарды тұтқынға алған.

Дереккөз: 24.kz

11 желтоқсан 2012, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.