2030 жылға қарай Қытай әлемнің экономикасы ең дамыған елге айналады. Бұндай болжамды «Әлемнің тенденциялары 2030: Басқа әлемдер» " ("Global Trends 2030: Alternative Worlds» америкалық үкіметтік зерттеу ұйымы Ұлттық шолу кеңесі (National Intelligence Council, NIC) өз баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлады Reuters.
Бұнымен қатар, баяндама жасаушылардың пікірінше АҚШ әлемнің экономикасы ең дамыған елі атағынан айрылса да, «халықаралық коалицияларды қалыптастыра алатын және ғаламдық қауіптерге жауап бере алатын» жалғыз үлкен держава мәртебесін сақтап қалады, деп хабарлады Лента.Ру.
Баяндама авторларының айтуынша, 2030 жылға қарай Азия елдерінің «жалпы ықпалы» АҚШ пен Еуропадан асып түседі. «Еуропа, Ресей және Жапония елдерінің экономикалары біртіндеп төмендей бастайды», - делінген ақпаратта.
Баяндамада көрсетілгендей, 2030 жылға қарай Америка Құрама Штаттары энергетика жағынан тәуелсіз болады. Сондай-ақ, NIC сарапшылары 2030 жылға қарай «ислам лаңкестігі» жоғалады деді. Дегенмен, Азия және Таяу Шығыс аумағындағы әскери қақтығыстар кезінде ядролық және биологиялық қару қолданылады деп болжап отыр.
Дереккөз: bnews.kz