Атырау, 24 сәуір 14:00
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Лионель Месси 40 жыл бұрынғы рекордты жаңартты

1 825 просмотра

«Барселона» және Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Месси күнтізбелік жылдағы гол саны бойынша жаңа рекорд орнатты. Agence France-Presse-тің хабарлауынша, жексенбі, 9 желтоқсан күні шабуылшы 2012 жылдағы 86-шы голын салды.

Бұл гол Севильеде Испания чемпионатының 15-ші турының «Барселона» мен «Бетис» арасындағы матчы кезінде соғылды. Мессидің голынан кейін кездесу есебі «Барселонаның» пайдасына 2:0 құрады, деп хабарлайды Лента.Ру.

Осылай Месси неміс футболшысы Герд Мюллердің 1972 жылғы рекордын жаңартты. Ол кезде «Бавария» мен ГФР құрамасы үшін өнер көрсеткен ойыншы 85 гол соққан болатын.

25 жасар аргентиналық Лионель Месси жыл қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» - 2012 сыйлығына үш үміткердің бірі саналады.

Дереккөз: bnews.kz

 

10 желтоқсан 2012, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.