Атырау, 23 қазан 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Жарыссөздерде сөз сөйлеуге тиіс болған Челахтың қорғаушысы Сәрсенов сотқа келген жоқ

1 738 просмотра

ТАЛДЫҚОРҒАН, 10 жел – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан мен Қытай шекарасының Алматы облысындағы «Арқанкерген» бекетінде 15 адамды өлтірді деген айып тағылған қазақстандық шекарашы Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов дүйсенбі күні таңертең сотқа келген жоқ, оның жарыссөздерде сөз сөйлеуі жоспарланған болатын.

Сәрсеновтың келмеуіне және оның қай жерде жүргені белгісіз болғандықтан, судья Ербол Ахметжанов негізгі қорғаушысының жоқтығында істі қарауды жалғастыру туралы шешім қабылдады. Сотпен тағайындалған құпия материалдарға рұқсаты бар басқа екі қорғаушысы Серік Естрияров пен Жұмағайша Саржанова сот отырысына келген.

Челах жарыссөздерде қорғаушылар Естияров пен Саржанованың сөз сөйлеуіне қарсылық білдірді, деп хабарлады Естияров қорғалушысымен кездесуден кейін.  

Бұрын хабарланғандай, 7 желтоқсанда Челах соңғы сөзден және екі жақтың жарыссөздерінен бас тартқан. Адвокат іс материалдарымен танысып, жарыссөздерге дайындалуға бейсенбіге дейін үзіліс жариялауды сұраған. Судья 10 желтоқсанға дейін үзіліс жариялады.

Дереккөз: newskaz.kz

10 желтоқсан 2012, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.