Атырау, 6 қазан 12:13
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Исламға қарсы кезекті арандатушы фильмнің шығуына байланысты Бельгия полициясы күшейтілген тәртіпке көшті

1 957 просмотра

БРЮССЕЛЬ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бельгияда лаңкестік қаупінің деңгейі 4 балдық шкала бойынша үшінші дәрежеге дейін күшейтілді, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Оған көрсетілімі 14 желтоқсанға жоспарланған Испанияда тұратын пәкістандық Имран Фирасат түсірген «Күнәсіз пайғамбар» (The Innocent Prophet) атты исламға қарсы кезекті фильм себеп болды, онда автор Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізген.

Орын алуы ықтимал тәртіпсіздіктер немесе экстремистік белсенділікке байланысты Бельгияның барлық арнайы қызметтерінің дайындық деңгейі күшейтілді. Таяу Шығыс және Солтүстік Африкадан шыққан азаматтар тығыз тұратын аймақтардағы полиция бөлімшелері ерекше тәртіпке көшті.

Бельгияның билік өкілдерінің пікірінше, Ғаламторда мұсылмандарға қарсы бағытталған жаңа арандатқыш фильмінің шығуы жаппай шерулерге, полициямен қақатығыстарға, қалалық жастар бандылары тараптынан зорлық әрекеттеріне әкеп соғуы мүмкін.

Ағымдағы жылдың күзінде шыққан «Мұсылмандар пәктігі» фильмінің шығуы Бельгияның бірқатар аудандарында тәртіпсіздіктің орнауына себеп болды.

Дереккөз: inform.kz
 

8 желтоқсан 2012, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.