Атырау, 8 қазан 05:44
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Президент референдумды кейінге қалдыруға келісті

1 514 просмотра

Кеше кешкісін 10 мыңға жуық шеруші Каир орталығындағы президенттік сарай алдына қайта жиналды. Дәл осы кезде президент Мұхаммед Мұрсидің (суретте) елдің жаңа Конституция жобасына қатысты 15 желтоқсанда өтуі тиіс референдумды кейінге өткізуге келіскені белгілі болды, деп хабарлайды caspionet.kz.

Дегенмен, Мұрси оппозициядан референдумды кейінге қалдырғанымен, Конституция мәтінін өзгертуге жол бермеймін деп қадап айтты. Бұған наразы шыққан оппозиция жақтастары президенттік сарай маңына жиналып, бөгетті бұзып өтуге әрекеттенген. Алайда, әскерилер оларға қарсылық көрсетті. Сондай-ақ, Каирдегі бірнеше жекеменшік телеарналар орналасқан медиа-орталыққа да шабуыл жасалған. Сонымен қатар, Хосни Мұрабак режимін құлатуға алып келген революцияның ошағы болған Әл-Махаллят әл-Кубра қаласында Мысыр оппозициясы тәуелсіздік жариялап үлгерді деген ақпарат та бар. Естеріңізге сала кетейік, Мысыр оппозициясының басшылары Президент Мұхаммед Мұрсимен келіссөз жүргізуден бас тартқан болатын. Олар ең алдымен Мұрсиді диктаторлық биліктен бас тартуды, референдумды кейінге қалдыруды немесе мүлдем өткізбеуді және шерушілерге қарсы күш қолданылғаны туралы тәуелсіз тергеу жүргізуді талап етуде. Мұрси әзірге бұл талаптардың барлығына келіскен жоқ. 

Дереккөз: bnews.kz
 

8 желтоқсан 2012, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.