Атырау, 26 желтоқсан 06:51
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Челах ісі бойынша тараптардың жарыссөзі 10 желтоқсанға қалдырылды

2 168 рет қаралды

Владислав Челах ісі бойынша тараптардың жарыссөзі 10 желтоқсанға қалдырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Талдықорғаннан. 

Сотталушының адвокаты Серік Сәрсенов жарыссөзге дайындалуға бейсенбіге дейін 3 жұмыс күнін беруді сұрады. Сот қорғаушы тараптың соттағы жарыссөзге дайындалуына 10 желтоқсан күнгі сағат 9-ға дейін уақыт берді.
«Мемлекеттік айыптаушылар мен зардап шеккен тараптың өкілдері сөйлегеннен кейін сізге дайындалуға уақыт беріледі», – деді судья.
Еске сала кетсек, соталушы Владислав Челах соттағы жарыссөзге қатысудан және соңғы сөзден бас тартты. Бүгін ол тағы сот отырысына қатысқан жоқ. 

Дереккөз: bnews.kz

7 желтоқсан 2012, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.