Олардың кінәлары дәлелденген жағдайда жеткіншектер бір жылдан екі жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, бүйір төреші Ричард Новехуйзен (Richard Nieuwenhuizen) 2 желтоқсан күні өткен жастар чемпионатының матчы барысында "Нойв Слотен" (Nieuw Sloten) Амстердам клубының футболшылары оған шабуыл жасағаннан кейін көз жұмды.
14-15 жастағы спортшылар 41 жастағы арбитрді қолдарымен және аяқтарымен соққылай бастаған. Ер кісі қашпаққа әрекеттенді, бірақ жастар оны қуып жетіп, ұруларын жалғастырды. Салдарынан рефери келесі күні мерт болды. Төрешіге жасалған шабуылдың мән-жайы әлі күнге дейін нақты анықталған жоқ.
Қылмыс Нидерландыны ғана емес, бүтін әлемді есеңгіретіп, қоғамның ашуын тудырды. Оның үстіне, "Нойв Слотен" футболшыларының қарсылас командасында қаза болған төрешінің ұлы болды.
Дереккөз: inform.kz