АСТАНА, 6 желтоқсан – Қазақстан жаңалықтары АА. Елбасы ЭКСПО-2017 нысандарын салуға байланысты Астана маңында жер сатуға тыйым салуды тапсырды деп хабарлайды республиканың мемлекеттік ақпарат агенттігі.
БАҚ мәліметінше, Ақордада бейсенбіде ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындыққа байланысты кеңес өтті.
Атап айтқанда, Елбасы ЭКСПО 2017 нысандарының құрылыстарына ауқымды учаскелер қажеттілік ететінін ескере отырып, елорда айналасында және облыста жер сатуға тыйым салды. Осы орайда Президент ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану сылтауымен жерді басып алуға жол берілмеуі тиіс екендігін қадап айтты.
Н. Назарбаев, аталған халықаралық көрменің нәтижесінде Қазақстан экономикасы елеулі серпін алатынын, осы тұрғыда барлық орталық мемлекеттік органдардың басшыларына Астанада ЭКСПО-ны өткізу бойынша жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Дереккөз: newskaz.kz