Атырау, 22 қараша 12:09
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

АҚШ-та есірткі заңдастырылды

1 783 просмотра

Астана. 6 желтоқсан. BAQ.KZ – Бүгіннен бастап АҚШ-тың Вашингтон штатында азаматтарға марихуананы жеке басының мақсаты үшін пайдалануға рұқсат берілді. Заң жобасы қараша айында әзірленген болатын. Бұл жайында Би-би-си тілшілері мәлімдеп отыр.

Алайда, көпшілік отыратын жерде, қоғамдық орындарда есірткінің бұл түрін пайдалануға бұрынғысынша тиым салынып отыр. Сонымен қатар, алдағы бір жыл көлемінде марихуананы заңды түрде сатып алуға да әлі рұқсат берілген жоқ.
Ел экономистері жасаған болжам бойынша, есірткінің жеңіл түрін сатудан түсетін салық түсімі Вашингтон штаты үшін жыл сайын миллиондаған доллар пайда түсірмек.
Дегенмен, федералды биліктің Вашингтонда марихуананының еркін сатылымына тиым салуға әлі де болса мүмкіндігі бар.

Дереккөз: baq.kz

6 желтоқсан 2012, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.