Атырау, 11 желтоқсан 20:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Forbes Обаманы әлемнің ең беделді адамы деп таныды

1 776 просмотра
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Forbes журналының нұсқасы бойынша АҚШ Президенті Барак Обама әлемдегі ең беделді адамдардың жыл сайынғы рейтингінде көшбасшылығын сақтап қалды.

Журналдың тізіміне 71 адам енді.

Обама рейтингті екінші жыл қатарынан бастап келеді. Басылым өзінің таңдауын Обама президенттік сайлауда қажетті ұпай сандарын жинай алғандығымен және бұл оған алдағы төрт жылда өзінің саяси бастамаларын жүзеге асыру мүмкіндігін беретіндігімен түсіндірді.

Ресей Президенті Владимир Путин 2011 жылы иеленген екінші орыннан үшінші орынға сырғыды. Оған «биліктің оппозицияға қарсы өз күшін көрсетуінің арқасында» үшінші орында қалуға мүмкін болды, деп жазады журнал. Екінші орынды Forbes Германия Канцлері Ангела Меркельге берді.

Төртінші орын Microsoft компаниясының негізін салушы Билл Гейтске берілді. Бесіншіде - Рим Папасы Бенедикт XVI, алтыншы орында - АҚШ Федералды резерв жүйесінің басшысы Бен Бернанке, жетіншіде - Сауд Арабиясының королі Абдалла ибн Абдель Азиз, сегізінші орында - Еуропа орталық банкінің басшысы Марио Драги. Тоғызыншы орынды журнал Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы Си Цзиньпиньге берді. Алдыңғы ондықты Британия премьері Дэвид Кэмерон тұйықтады.

Дереккөз: inform.kz

6 желтоқсан 2012, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.