Атырау, 22 қараша 12:56
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

АҚШ-тың бұрынғы президенттері өмір бойы қорғалатын болады

1 975 просмотра

АҚШ-тың бұрынғы президенттері мен олардың әйелдері Құпия қызмет тарапынан өмір бойы қорғалу құқығын пайдалануы керек. Тиісті заң жобасын сәрсенбі, 5 желтоқсандағы отырыста американдық Конгрес өкілдері палатасының мүшелері қолдады, деп хабарлайды ВЕСТИ.ru.

Мұндай заң АҚШ-та болған. Алайда мұндай тәжірибеден бас тартылды. 1997 жылғы 1 қаңтардан кейін сайланған президенттерге басымдық таратылмайды, және қорғау тек 10 жылға беріледі. Нәтижесінде, жаңа заң жобасының бастамашылары атап айтқандай, Барбара Буш өмірінің соңына дейін қорғалатын, ал оның ұлы кіші Джордж Бушқа қатысты бұл ереже әрекет етпейтін «ауытқымалы жағдай» қалыптасып отыр.

«Сөз ақшаны үнмедеу жөнінде болып отырған жоқ. Біз қолданыстағы шектеулерді алып тастау үшін трагедия болғанға дейін күтіп отырмауымыз керек», — деді заң жобасының қосалқы авторы демократ Роберт Скотт. Оны республикалық Трей Гауди да қолдады, ол 1990 жылдармен салыстырғанда әлем айтарлықтай дәрежеде өзгерді, және қауіпсіздікті қамтамасыз ету американдық үкіметтің негізгі міндеті болып табылады деп санайды.

Өз кезегінде, әлеуетті ведомство өкілдерінің бірі «бұрынғы президенттер елдің белгісі болып қалады, сондықтан олар АҚШ-қа зиян келтіргісі келетін нысана болуы мүмкін» екендігін еске салды. Оның айтуынша, олар сондай-ақ әлемнің әр түпкірінде белгілі дипломатиялық және гуманитарлық міндеттерді орындайды, сондықтан оларға қорғаныс қажет.

Жаңа заң жобасына сәйкес, өзгерістер американдық мемлекеттің бұрынғы басшыларының балаларына да қатысты болуы керек. Түзетулер қабылданғанға дейін бұрынғы басшылардың балалары 16 жасқа толмаған жағдайда, ата-аналары Ақ үйден кеткен соң, 10 жыл мерзімінде Құпия қызметтің қорғауына ие болатын. Өкілдер палатасы қолдаған құжат 16 жасқа дейін қорғалатын кішкентай балалар үшін 10-жылдық «шектеуді» алып тастауды қарастырады.

Дереккөз: bnews.kz

6 желтоқсан 2012, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.