Премьер-министр Үкіметтің демалыс күнін 2012 жылғы 29 желтоқсан сенбіден 31 желтоқсан дүйсенбіге ауыстыру туралы Қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Премьердің баспасөз қызметі.
«Еңбек ететін халықтың демалысына қолайлы жағдай жасау және 2012 жылғы желтоқсандағы жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов демалыс күнін 2012 жылғы 29 желтоқсан сенбіден 31 желтоқсан дүйсенбіге ауыстыру туралы Үкімет Қаулысына қол қойды», - делінген хабарламада.
Осылайша, бес күндік жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтар жаңа жылдық мерекеде 4 күн: 2012 жылдың 30, 31 желтоқсанында, 2013 жылдың 1,2 қаңтарында демалады.
Дереккөз: bnews.kz