Атырау, 25 сәуір 00:20
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Аудан жаңалықтары

3 033 просмотра

Әкім орынбасарлары тапшы

29 қарашада бұған дейін Махамбет ауданы әкімдігінің аппарат жетекшісі лауазымын атқарып келген Серік АРЫСТАНОВ Махамбет ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ал екінші әкім орынбасарының орны әлі бос тұр. Бұрын бұл лауазымды қазіргі Махамбет ауданы әкімі Ерлан ЖАҢАБАЕВ атқарды. Ол ауданның бұрынғы әкімі Өмірзақ ЗИНУЛЛИНДІ алмастырғанболатын.

***

Пішен болса, болғаны...

Мақат ауданында ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын үш қана қожалық қалған. Аудандағы ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Жұмагүл РЫСҚАЛИЕВА бүгінгі таңда көршілес Батыс Қазақстан облысымен шабындыққа жер алу жайымен келісіп жатқандарын хабарлады.

***

Аққыстауға - 35 жыл

Жуырда Аққыстау поселкесінің негізі қаланғанына 35 жыл толуына орай мерейтой мерекесі өткізілді.

Мерекелік шарада осыншама уақыт ішіндегі ауданның жетістіктері аталып өтілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 желтоқсан 2012, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.