Атырау, 25 қараша 04:07
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

№30 мектеп «гауһар түлектер» дайындауда

3 257 просмотра

Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №30 арнайы мектеп-гимназия Тұтынушылардың ұлттық лигасы марапатына – білім беру саласындағы «Мінсіз» халықтық сапа белгісіне ие болды.

Ұжым үшін бұл оқу орнының 10 жылдығына арналған тарту болды. Облыста алғаш рет көп тілде оқытатын, оның үстіне өте өзгеше сәулеттік келбетімен ерекшеленген (авторлық жоба) мектептің ашылуы сол кезде нағыз айтулы оқиғаға айналған болатын. Ашылу салтанатына ел президенті қатысқан еді және облысқа келген жоғары шенді меймандарды да міндетті түрде сол жерге апаратын. Мектептің сәулеттік тұрғыдағы артықшылығы оның кемшілігіне айналды – үлкен терезелер мен әйнек шатырлардың салдарынан қысқы күндері бұл жер үнемі салқын болды. Осы жазда мектептегі жылу жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілді. Енді әкімшілік қыста оқушылар тоңбайды деп үміттеніп отыр.

10 жыл ішінде гимназияны 1000 шақты түлек бітірген, олардың көпшілігі еліміз бен шетелдердегі үздік жоғарғы оқу орындарына оқуға түскен болатын. Болашақ 2013 жылдың түлектерін оқытушылар «гауһар» түлектер деп атап отыр – гимназияда бес «Алтын белгі» және үш «Үздік аттестат» үміткерлері бар екен. Бұдан басқа, олар электронды түрде оқыту енгізілген облыстағы 27 мектептің қатарына кірген. Осы үшін материалдық база дайындалып, қазір мұғалімдердің өздері оқу курстарынан өтуде.

- Бұл күндері біздің гимназияның базасында қазақстандық ғалым-педагогтар мен Кембридж университетінің оқытушылары бірігіп жасаған ауқымды білім беру жобасының аясында оқытушылар үш айлық курстан өтіп жатыр, - дейді мектеп-гимназия директоры Лилия ЛИГАЙ. – Жобадағы білім беру тәсілі өзгеше: табыссыз оқушы жоқ, мұғалімнің мақсаты – олардың қабілетін ашуға көмектесу.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Суретті түсірген автор

5 желтоқсан 2012, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.