Атырау, 25 қараша 04:04
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Патша монетасы 9 млн-ға cатылды

1 802 просмотра

Ұлттық банктің Атырау филиалы қолдағы килограмдық үш алтын монетаның бірін 9 миллион теңгеге сатты. Сатып алушы – жергілікті тұрғын.

1 килограмдық алтын монета 2011 жылғы VII-қысқы Азия ойындарына арналған. Монета номиналы – 50 мың теңге, материалы – 999/1000 сынамалы алтын. Барлығы 145 осындай монета шығарылған.

 Ғажайып тиынды суретке түсіруге немесе қарап, көзайым болуға Ұлттық банкте рұқсат бермеді: егер сатып алмасаңыздар – бұл «мемлекеттік құпия» (!).

- Осындай коллекциялық монеталарды негізгі сатып алушылар - шетелдіктер, алайда қалалықтар да баршылық, - дейді Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жєне кассалық операциялар бөлімінің бастығы Мүслима САҒЫНДЫҚОВА. - Біріншілерді «Қазақстанның флорасы мен фаунасы», «Алтын барыс», «Жібек жолы» сияқты ұлттық сериялар қызықтырса, жергілікті тұрғындар өздеріне ұнаған монеталарды көбіне сыйлық ретінде сатып алады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

5 желтоқсан 2012, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.