Атырау, 3 қазан 00:39
 дождьВ Атырау +9.4
$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35

Құрбандарды еске алады

2 057 рет қаралды

Қаза болған жаңаөзендіктердің аналары сот үстінде.

Атыраудың бірқатар қоғам белсенділері 9 желтоқсан күні өткен жылғы қайғылы оқиғалардың құрбандарын еске алу үшін өткізілетін ас беру рәсіміне қатысуға барады.  

Сонымен бірге, олар 16 желтоқсанда сағат 12-де Жеңіс саябағындағы қуғын-сүргін құрбандарының ескерткіші алдына гүл-шоқтарын қоюға жиналады.    

Ал 10 желтоқсанда Жаңаөзен ісі бойынша сотталған Роза ТӨЛЕТАЕВАНЫ туған күнімен құттықтау үшін қаладағы № 157/11 әйелдер колониясының алдына жиналмақ.

-Бар мақсатымыз – алаңда қаны төгілген жаңаөзендіктерді еске алып, рухтарына бағыштап дұға оқу, - дейді «Арлан» ҮЕҰ төрағасы Макс БОҚАЕВ.- Роза Төлетаеваға қолдау көрсетіп, оны ұмытпағанымызды білдіру өте маңызды деп есептеймін.

Айнұр САПАРОВА

5 желтоқсан 2012, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.