АСТАНА, 5 жел – Қазақстан жаңалықтары АА. Алматының аудандық соты guljan.org сайтының жұмысын үш ай мерзімге тоқтатты, деп хабарлады сәрсенбіде халықаралық «Әділ сөз» қоры.
«Бесінші желтоқсанда guljan.org интернет сайтының редакциясы сот орындаушысының ескертуін алған. Онда Бостандық аудандық сотының судьясы А. Абайгелдіновтың ұйғаруына сәйкес, guljan.org бас редакторы Ерғалиеваға «www.guljan.org интернет ресурсының материалдарын орналастыру, шығару мен таратуға тыйым салынады», - делінген хабарламада.
Қордың ақпараты бойынша сот ұйғаруы Бостандық аудандық прокуратурасының сұруының негізінде шығарылған.
Дереккөз: newskaz.kz